Атырау, 29 шілде 15:48
 дождьВ Атырау +37.3
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06

​Атырауда шала туған нәрестелердің көру қабілетін сақтайтын жоғары технологиялық операциялар жасалуда

91 рет қаралды

Атырау облыстық перинаталдық орталығында шала туған нәрестелер арасында жиі кездесетін ретинопатияны ерте анықтау және емдеу жұмыстары жолға қойылған.

2015 жылы орталық «Аяла» қорының қолдауымен заманауи офтальмоскоппен жабдықталды. Ал 2016 жылы арнайы оқытудан өткен офтальмологтың қызметке қабылдануы өңір үшін маңызды қадам болды. Содан бері жоғары технологиялық медициналық көмек жергілікті жерде көрсетіліп келеді.

2016–2024 жылдар аралығында ретинопатия диагнозымен 59 лазерлік операция жасалды. 2025 жылы – 28, ал 2026 жылдың алғашқы жартысында – 25 операция сәтті орындалып, ондаған нәрестенің көру қабілеті сақталды.

Бүгінде ретинопатияны ерте анықтау, дер кезінде емдеу және хирургиялық көмек көрсету толық жолға қойылған. Бұл нәрестелерді басқа қалаларға тасымалдау қажеттілігін азайтып, уақытылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында балалардың көру қабілетін сақтап, өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беруде.

Бүгін, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.