Атырау, 29 шілде 13:00
 дождьВ Атырау +31.8
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06

Павел Дуровқа терроризмге жәрдемдесу айыбы тағылды

87 рет қаралды

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровқа Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі «терристік қызметке жәрдемдесу» айыбын тақты. Оған халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды АА.

ФҚҚ‑ның ресми мәлімдемесінде: «Telegram әкімшілігінің басшысы П. Дуровқа Ресей Қылмыстық кодексінің 205.1‑бабы 1.1‑бөлігі бойынша (террористік қызметке жәрдемдесу) айып тағылды, оған халықаралық іздеу жарияланады», – делінген.

Қызметтің дерегінше, мессенджерде «украин арнайы қызметтері, террористік және экстремистік ұйымдар диверсиялық‑террористік әрекеттерді, жаппай кісі өлтіруді, кибералаяқтықты ұйымдастыру үшін пайдаланатын көптеген арналар, чаттар мен боттар жойылмай отыр». 

Олардың салдарынан адам шығыны болып, әйелдер мен балалар қаза тапқан, сондай‑ақ миллиардтаған материалдық зиян келген.

Бүгін, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.