Атырау, 29 шілде 10:09
 дождьВ Атырау +25.6
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06

Тоқаев Сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады

51 рет қаралды

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Арман Исагалиев Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған. Кейін Марокконың Фес қаласындағы Сиди Мұхаммед бен Абдалла университетінде білім алған. 1996 жылы Мысыр Араб Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық институтты аяқтаған.

Еңбек жолы:

1994–1995 жж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы.

1995–1999 жж. – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыстану институтының ғылыми қызметкері.

2000–2004 жж. – Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

2004–2006 жж. – бизнес құрылымдарында қызмет атқарған.

2008–2011 жж. – Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі.

2011–2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы секторының меңгерушісі.

2014–2017 жж. – Қазақстан Республикасының Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі (БАӘ) Бас консулы.

2017–2020 жж. – Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019–2020 жж. – қоса атқару бойынша Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы және Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2020 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

Отбасылық жағдайы: үйленген, бес баласы бар.

Бүгін, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.