
Астана қаласында жедел медициналық жәрдем станциясында бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты.
2020–2023 жылдары мекеменің бұрынғы директоры, көлік бөлімінің басшысы және бас механик әрі қойма меңгерушісі санитарлық автокөліктерді жөндеуге бөлінген қаражатты заңсыз иемденгені анықталды. Соның салдарынан жұмыс істеп тұрған көліктердің саны 149‑дан 32‑ге дейін қысқарған.
Мемлекетке келтірілген залал 700 млн теңгеден асты. Оның ішінде 440 млн теңгеден астамы сот үкімімен өндірілді, ал такси қызметтеріне жұмсалған 300 млн теңгеден астам қаражат азаматтық сот арқылы қайтарылмақ.
Сот барлық айыпталушыларды Қылмыстық кодекстің 189‑бабы 4‑бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танып, 9 және 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оларды мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау +38.2