Атырау, 28 шілде 19:28
 дождьВ Атырау +39.2
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

Ресейде тағы бір мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін тоқтап қалды — Reuters

15 рет қаралды

Тюменьдегі мұнай өңдеу зауытына жасалған дрон шабуылынан кейін кәсіпорын толық тоқтап қалды.

25 шілдеде болған оқиға салдарынан дизель отынын гидротазалау қондырғысы мен жоғары октанды бензин өндіретін кешен зақымданған. 

Reuters дерегіне сүйенсек, зауыттың жылдық қуаты 9 млн тонна болса, 2024 жылы ол 5,7 млн тонна мұнай өңдеп, шамамен 500 мың тонна бензин және 2,8 млн тонна дизель шығарған.

Қазір жөндеу жұмыстарының ұзақтығы белгісіз. Кәсіпорынға иелік ететін «РИ‑Инвест» компаниясы түсініктеме бермеген.

Бұған дейін Тюмень облысының әкімі Александр Моор дронның зауыт аумағына құлап, өрт шыққанын хабарлаған.

Айта кетейік, гидротазалау қондырғысы маусым айындағы ішкі себептен болған өрттен кейін жөндеуде тұрған еді.

Бүгін, 19:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.