Атырау, 28 шілде 17:36
 дождьВ Атырау +39
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

Энергия жүйесіне күш түсуіне байланысты Атырауда көп жерде жарық өшіп қалды

7 рет қаралды

Атырауда 28 шілдеде электр қуаты бірнеше рет өшіп қалды.

Бұған 220 кВ кернеудегі электр беру желісі арқылы Маңғыстау облысы бағытына рұқсат етілген қуат ағынының шектен тыс артып кетуі себеп болды, деп хабарлады «Атырау Жарық» ЖШС.

Компанияның мәліметінше, жүктеменің шамадан тыс артуынан «KEGOC» АҚ желісіне тиесілі жүктемені автоматты түрде өшірудің арнайы автоматикасы (ЖАӨА) іске қосылған. «Атырау Жарық» бұл автоматиканың компания қарауына жатпайтынын хабарлады.

Осыған байланысты «Балықшы», «Стройконтора», «Сельстрой», «СМП-136», «Химпоселок», «Сауда базасы», «Жилгородок», «Сырым Датова» аудандарында бірнеше рет жарық өшіп қалды. 

Сондай-ақ Томарлы, Көктем, Жұлдыз, Ақсай-2, Огородный, Первый участок елді мекендері мен ықшамаудандарында және Чехов, Уәлиханов, М. Өтемісов (ішінара), Ақ Депо (ішінара), Абай, Центральный, Тельман, Азаттық (ішінара), Гурьевский, Шолохов, Полынин, Әбдірахманов, Елшібек, Мясокомбинат, Алмагүл, С. Бейбарыс (ішінара), Атамбаев, Молдағалиев, Смағұлов, Шәріпов, С. Мұқанов, Водозаборная көшелерінде, Толқын ықшамауданында, Мирный, Маслопром, Гайдар, Әуезов және Құрсай аймақтарында жарық болмай қалды. 

Бүгін, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.