Атырау, 28 шілде 16:23
 дождьВ Атырау +39
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

​Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

19 рет қаралды
Сурет:  primeminister.kz
Сурет: primeminister.kz

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов колониядан шығып, пробациялық қадағалауға алынды, деп хабарлайды NEGE.kz.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сот оның жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырған.

«Аталған сотталған азамат сот үкімі негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеген. Кейін сот шешімімен жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Бостандыққа шыққаннан кейін ол пробация қызметінің есебіне қойылды», — делінген комитеттің хабарламасында.

Мырзахметов сот белгілеген барлық талап пен шектеуді бұлжытпай орындауға тиіс. Атап айтқанда, оған Қазақстаннан тыс жерге шығуға тыйым салынған.

2024 жылдың мамырында сот Абылай Мырзахметовті ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол бизнесмен Қайрат Боранбаевтың ісін «оң шешіп беремін» деген желеумен оның туысынан 30 миллион доллар талап еткен.

Сот үкімі бойынша Мырзахметовтің 5,8 миллиард теңгесі тәркіленген. Кейін мемлекет қазынасына тағы 7 миллиард теңге қайтарылған.

Бүгін, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.