
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев лондондық «Челсидің» негізгі құрамындағы алғашқы матчында-ақ гол соғып, көзге түсті.
Шабуылшы кездесудің алтыншы минутында-ақ австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» клубының қақпасын дәл көздеді.
Жолдастық кездесу Сиднейде өтіп жатыр және бұл «Челсидің» Австралия мен Азиядағы маусымашар турнесін ашады. Кейінірек лондондық клуб Сиднейде «Тоттенхэммен» де күш сынасады.
Бұл матч Хаби Алонсо үшін де лондондық клубтың бас бапкері ретіндегі дебюттік ойын болды. Қазақстандық футболшы испандық маман таңдаған «Челсидің» алғашқы негізгі құрамына енді.
2025/2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Челси» Англия Премьер-лигасында 38 турда 52 ұпай жинап, оныншы орынға тұрақтаған болатын. Ал «Вестерн Сидней Уондерерс» өткен маусымды Австралия А-лигасының турнирлік кестесінде соңғы 12-орында аяқтады.
В Атырау +39