Атырау, 28 шілде 14:55
 дождьВ Атырау +39
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

​Атырау облысында жеті заңсыз қару тәркіленді

47 рет қаралды

Атырау облысында 15–31 шілде аралығында «Қару» республикалық жедел‑профилактикалық іс‑шарасы өтіп жатыр. 

Бұл шара Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, негізгі мақсаты — қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу, заңсыз қару айналымына тосқауыл қою және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, өңірде тіркеуде тұрған үш мыңнан астам қару иесі тексеріліп, нәтижесінде 80‑ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. 

Заңсыз сақталған жеті атыс қаруы тәркіленді. Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 287‑бабы бойынша төрт қылмыстық іс қозғалып, алты әкімшілік іс сотқа жіберілді.

Тексеру барысында қару сақтауға арналған бір орталық заң талаптарын бұзғаны үшін рұқсатынан айырылып, ондағы 400‑ге жуық қару басқа орталыққа көшірілді. 

Полиция өкілдері азаматтарға қаруды заңсыз сақтаған жағдайда өз еркімен тапсырса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салып, қару сақтау талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Бүгін, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.