Атырау, 28 шілде 14:29
 дождьВ Атырау +31.2
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

Қазақстан студенттері альянсының жетекшісі 10 тәулікке қамауға алынды

37 рет қаралды

Қаражал қалалық соты «Қазақстан студенттері альянсының» жетекшісі әрі студенттік омбудсмен Ұлан Нәукенді ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады. 

Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады

Іс Ұлытау облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған той кортежімен байланысты.

Полиция дерегіне сәйкес, Нәукен жол талғамайтын көліктің люгінен шығып, телефонына видео түсірген. 

Кейін ол бейнероликті Instagram‑ға жариялап, әлеуметтік желілерде кеңінен тараған соң полиция назарын аударған. 

Тергеу нәтижесінде кортежге қатысқан көліктер айыптұраққа қойылып, 22 әкімшілік хаттама толтырылған, бес жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылған. 

Сот отырысында Нәукен кінәсін мойындап, болған жағдайға өкініш білдірді. 

Сот оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салу мүмкіндігін қарастырғанымен, мұндай жаза жеткіліксіз деп санап, әкімшілік қамауды таңдады.

Бүгін, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.