Атырау, 28 шілде 13:44
 дождьВ Атырау +31.2
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

Атырау облысында ауыл кәсіпкерлері жарты миллиард теңге қолдау алды

48 рет қаралды

Атырау облысында ауыл кәсіпкерлері «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жарты миллиард теңгеден астам қолдау алды. 

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Элеонора Даутбаеваның айтуынша, жалпы сомасы 514,4 млн теңгені құрайтын 50 жоба мақұлданған. 

2025 жылы бағдарламаға 1 млрд теңге бөлінген, бүгінге дейін қаражаттың 51,44 пайызы игерілді. Қаржыландыруды 32 жоба алып үлгерсе, тағы 18 жоба бойынша келісімшарт рәсімделіп жатыр. 

Мақұлданған бастамалардың 27‑сі мал шаруашылығына, 23‑і шағын бизнеске қатысты. Ең көп жоба Жылыой ауданында қолдау тапқан — 16, Индер мен Қызылқоғада жетіден, Құрманғазы мен Мақатта алтыдан, Исатай мен Махамбетте төртеуден жоба мақұлданды. Бағдарлама аясында ауылдық жерлерде 102 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бүгін, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.