Атырау, 28 шілде 11:42
 дождьВ Атырау +26.5
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

Қазақстан санэпидбақылауды бірыңғай цифрлық жүйеге көшірді

20 рет қаралды

Қазақстанда санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстан мұндай жобаны жүзеге асырған ТМД елдері арасындағы алғашқы мемлекет болды.

Жаңа платформа мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды, декреттелген мамандық иелерінің міндетті медициналық тексерулерін, зертханалық зерттеулерді, кәсіпорындардың өндірістік бақылауын және халықты вакцинациялау мониторингін біріктірді.

Бұған дейін бұл мәліметтер әртүрлі ақпараттық жүйелерде сақталып, процестердің бір бөлігі қолмен орындалатын. Енді барлық деректер нақты уақыт режимінде бір платформада жинақталып, талданады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа жүйе санитариялық-эпидемиологиялық қауіптерді жедел анықтауға және төтенше жағдайлар туындамай тұрып алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгін, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.