Атырау, 26 тамыз 22:12
 дождьВ Атырау +28.5
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Қазақстанның он өңірінде автоматтар, тапаншалар мен гранаталар тәркіленді

365 рет қаралды

2026 жылдың шілде айында Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның сегіз өңірінде заңсыз қару айналымының жолын кесу мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нәтижесінде құқық қорғау органдары 31 қару тәркіледі. Оның ішінде төрт автомат, 20 аңшы мылтығы және жеті тапанша бар. Сондай-ақ екі граната мен 278 оқ-дәрі анықталды.

Арнайы операцияларды прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК қызметкерлері полиция органдарымен бірлесіп жүргізді.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

28 шілде, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.