Атырау, 28 шілде 11:32
 дождьВ Атырау +26.5
$ 473.40
€ 539.39
₽ 6.07

Қазақстанның батысындағы жолдарды тексеретін алғашқы жылжымалы зертхана жұмысын бастайды

12 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Қазақстандағы автомобиль жолдарының қауіпсіздігіне аудит пен инспекция жүргізуге арналған алғашқы жылжымалы жол зертханасын пайдалануға енгізді.

Мобильді кешеннің алғашқы жобасы ретінде Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 2 414 шақырымына тексеру жүргізілуде.

Зертхана заманауи диагностикалық жабдықтармен жабдықталған. Олар автоматты режимде жол жамылғысының бойлық тегістігін, ізтабанның тереңдігін өлшеуге, жолдың геометриялық параметрлерін анықтауға және жол бетінің цифрлық моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар кешен жол жамылғысындағы ақауларды тіркеп, жол инфрақұрылымын үздіксіз фото және бейнетүсірілімге алады.

Бұған қоса, мамандар жол таңбаларының, жол белгілерінің, қоршау тосқауылдарының, жол жиектерінің, жаяу жүргіншілер өткелдерінің, қоғамдық көлік аялдамаларының, жол қиылыстарының жай-күйін және көріну қашықтығын бағалайды.

Анықталған барлық ерекшеліктер GPS координаттарына байланыстырылып тіркеледі. Осы мәліметтердің негізінде жолдардың жай-күйін дәлірек бағалауға және олардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шараларды тиімді жоспарлауға мүмкіндік беретін цифрлық деректер базасы қалыптастырылады.

Бүгін, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.