Атырау, 27 шілде 19:08
 дождьВ Атырау +39
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Еуропа елдері балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеулер енгізуде

76 рет қаралды

Еуропа елдері балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануына қатысты талаптарды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды АА.

Бұл шаралар олардың психикалық денсаулығын қорғауға, зиянды контент пен интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған.

Франция соңғы болып осы үрдіске қосылды: 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым салынады. Платформалар жасын тексеру жүйесін енгізуге міндеттеліп, кәмелетке толмағандардың аккаунттары төрт ай ішінде жойылуы тиіс. Сонымен қатар мектептерде телефон қолдануға қойылған шектеулер лицейлерге де таратылады.

Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен жас пайдаланушылардың жасын цифрлық тексеру үшін ортақ еуропалық қосымшаның дайын екенін хабарлады. Оның айтуынша, «шексіз лента айналдыру» сияқты функциялар балалардың тәуелділігін күшейтеді.

Германияда әлеуметтік желілерге кірудің ең төменгі жасын 13 деп белгілеу ұсынылды. Грецияда 2027 жылдан бастап 15 жасқа дейінгі балаларға аккаунт ашуға тыйым салынады. Норвегия 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге шектеу қоюды жоспарлап отыр. Ұлыбритания да 16 жасқа дейінгі балаларға жаңа талаптар енгізуді қарастыруда.

Финляндия, Дания, Польша, Испания, Португалия, Австрия, Чехия, Словения, Италия және Балтық елдері де жас шектеулер мен мектептерде телефон қолдануға тыйым салуды қамтитын бастамалар әзірлеуде. Бұған дейін Еуропарламент 16 жастан төмен балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салуды ұсынып, 13–16 жас аралығындағыларға тек ата-анасының келісімімен рұқсат беруді қарастырған.

Айта кетейік, әлемде алғаш болып Австралия 2025 жылдың желтоқсанында 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерге кіруге заңды түрде тыйым салған.

Бүгін, 18:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.