Атырау, 27 шілде 19:00
 дождьВ Атырау +39
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

​Атырауда демалыс күндері мас күйде көлік басқарған 14 жүргізуші анықталды

Бейнежазба
72 рет қаралды

Атырауда үш күнде мас күйде көлік басқарған 14 жүргізуші анықталды.

Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы хабарлады. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері демалыс күндері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқарды. 

Үш күнге созылған рейдтік іс-шаралар барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың 14 фактісі анықталып, аталған жүргізушілердің барлығы көлік құралын масаң күйде басқарғаны белгілі болды. Оның ішінде екі азамат көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан масаң күйде көлік тізгіндеген.

Жол сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға және көлік құралын масаң күйде басқармауға шақырады. Мас күйінде көлік тізгіндеу – жүргізушінің ғана емес, жолдағы өзге де азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылық.

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі.

Бүгін, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.