Атырау, 27 шілде 18:57
 дождьВ Атырау +39
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

​Атырауда жыл басынан бері 20 бала терезеден құлап кетті

72 рет қаралды

Атырау облысында 500-ден астам пәтердің терезесіне арнайы қорғаныс бекітпелері орнатылды.

Бұл туралы брифингте Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Жантөре Демешов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, әлеуметтік осал топтағы отбасылар тұратын 556 пәтердің терезесіне арнайы қорғаныс бекітпелері орнатылды.

Жыл басынан бері 20 оқиға тіркелді. Оның жартысынан көбі Атырау қаласында, екеуі Жылыой ауданында, ал Мақат пен Индер аудандарында бір-бір жағдайдан болды.

ТЖД мәліметінше, барлық оқиға балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуы себебінен болған. Балалар бірінші қабаттан алтыншы қабатқа дейінгі терезелерден құлап, түрлі жарақат алған.

Жантөре Демешев ата-аналардың масаға қарсы торларға сенбеуі қажет екенін атап өтті. Себебі мұндай торлар баланың салмағын көтере алмайды.

Ата-аналар баланы терезе маңында қараусыз қалдырмаған жөн, терезе алдына орындық, үстел немесе диван секілді жиһаздарды қоюға болмайды деп ескертеді мамандар. Сонымен қатар терезелерге арнайы қорғаныс бекітпелерін орнату қажет.

Оқиғалардың алдын алу мақсатында облыста 375 рейд ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам тұрғынға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ТЖД мәліметі бойынша, терезеден құлаған балалардың басым бөлігі - үш жасқа дейінгі балалар.

Бүгін, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.