Атырау, 27 шілде 17:14
 дождьВ Атырау +39
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

​Атырау облысында бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша бухгалтерге қатысты рақымшылықтың күші жойылды

47 рет қаралды

Атырау облысында мемлекеттік мекемелердің бірінің бухгалтеріне қатысты бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша рақымшылық (амнистия) қолдану туралы шешімнің күші жойылды.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2023–2024 жылдары бұл әйел ұйым басшысымен сыбайласып, 88,8 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.

Бірінші сатыдағы сот оған 7 жыл мерзімге бас бостандығын айыру жазасын тағайындаған. Дегенмен, кейін рақымшылық заңын қолданып, жаза мерзімін 4 жыл 8 айға дейін қысқартқан.

Бас прокуратура бұл рақымшылықтың заңсыз қолданылғанын анықтады.

Заңға сәйкес, аса ірі мөлшердегі жымқыру үшін жаза мерзімі тек келтірілген залал толық өтелген жағдайда ғана қысқартылуы мүмкін. Ал сотталған азаматша ақшаны толық қайтармаған.

Бұдан бөлек, одан 36,8 млн теңгеден астам қаражатты өндіріп алу қаулы етілген болатын.

Осыған қарамастан, бірінші сатыдағы сот жаза мерзімін үштен бір бөлігін қысқартқан, ал апелляциялық инстанция бұл заңбұзушылықты жоймаған.

Бас прокуратураның протесті бойынша кассациялық сот рақымшылықты қолданудың күшін жойып, бастапқы жазаны — 7 жылға бостандығынан айыруды қалпына келтірді.

Прокуратура заңда белгіленген залалды толық өтеу туралы талап орындалмаған жағдайда рақымшылық қолданылмайтынын ескерттi.

Бүгін, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.