Атырау, 27 шілде 17:13
 дождьВ Атырау +39
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

​КҚК Новороссийск арқылы қазақстандық мұнайды қайта тией бастады

55 рет қаралды

Каспий құбыр Консорциумы (КҚК) Новороссийскідегі теңіз терминалы арқылы мұнайды қабылдауды және оны тиеу операцияларын қайта бастады.

Бұл туралы Қазақстан Энергетика министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қазірдің өзінде Теңіз кен орнынан SEAMAJESTY және MILOS екі танкеріне мұнай тиеліп жатыр. Екі кеме де «Теңізшевройл» ЖШС мұнайын қабылдайды.

Энергетика министрлігі атап өткендей, операцияларды қайта бастау шикізатты құбыр жүйесіне жеткізуді жалғастыруға және теңіз терминалы арқылы экспортты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Бұл ретте терминалдың алдағы жұмысы қазіргі жағдайды бағалау мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жүргізіледі.

Министрлікте КҚК басшылығымен, ең ірі жүк жөнелтушілермен және процестің басқа да қатысушыларымен тұрақты өзара байланысып отырғанын атап өтті.

Ведомство жағдайды бақылауды және қазақстандық мұнайды әрі қарай тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерді үйлестіруді жалғастырып жатыр.

Бұған дейін Reuters агенттігі КҚК мұнай тиеуді 27 шілдеде қайта бастайтынын хабарлаған болатын.

Бүгін, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.