Атырау, 27 шілде 17:04
 дождьВ Атырау +39
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

​Серікқали Брекешев KAZENERGY қауымдастығын басқарды

51 рет қаралды

Серікқали Брекешев KAZENERGY қауымдастығының жаңа төрағасы болып сайланды.

Бұған дейін бұл лауазымды Болат Ақшолақов атқарған болатын. Ол 17 шілдеде Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодарда дүниеге келген. Ш. Есенов атындағы Ақтау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру әрі пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары ол мұнай-газ саласы мен мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. «Маңғыстаумұнайгаз», «Қарақұдықмұнай» компанияларында, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, Мұнай және газ министрлігінде, сондай-ақ «ҚазТрансГаз» АҚ-да жауапты қызметтерді атқарды.

2020–2021 жылдар аралығында Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болды. Кейін Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарды.

2023 жылдың ақпан айынан бастап ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының газ жобаларын дамыту жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Сондай-ақ 2023 жылдан бастап ұлттық компанияның басқарма құрамына кірді.

Бүгін, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.