
Атырауда ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын.
Сонымен қатар 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық барысында көктемгі гидравликалық сынақ кезінде анықталған ақауларды жою үшін тағы 6,9 шақырым жылу және ыстық су желілерін жаңарту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға ашық электронды конкурс жарияланған.
Қысқы кезеңге дайындалуы тиіс 1174 көпқабатты тұрғын үйдің 490-ы, яғни 49 пайызы толық дайын. Оның ішінде 1025 үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Ал жеке қазандықтардан жылу алатын 79 үйдің дайындығы қызмет көрсетуші ұйымдардың қаражаты есебінен жүргізілуде.
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ның жылу қазандығы мен оған қарасты 14 тұрғын үйге дейінгі құбырларда тексеру және жуып-шаю жұмыстары жоспарланған. Бұдан бөлек, қаладағы 11 жылу беру бекетіне келісімшарт негізінде қызмет көрсетілуде. Ал «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС теңгеріміндегі 13 бекетте жөндеу және сынақ жұмыстары жалғасып жатыр.
В Атырау +39