
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Сирияға жасаған алғашқы ресми сапары барысында барлық санкцияларды алып тастауға шақырды, деп хабарлады Евронью́с.
Ол Дамаскіде президент Ахмед әл-Шараа, сыртқы істер министрі Асад аш-Шайбани және парламент өкілдерімен кездесіп, елдің әлеуметтік-экономикалық қайта қалпына келуіне халықаралық қолдау қажет екенін атап өтті.
Гутерриш Сирияға инвестиция, инфрақұрылымды қалпына келтіру және босқындардың қауіпсіз әрі ерікті түрде оралуы үшін көмек керектігін айтты. Оның сөзінше, «барлық санкциялар дереу жойылуы тиіс».
Сапар кезінде ол Голан жоталарындағы жағдайға тоқталып, Израильдің әрекеттерін «Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу» деп бағалады. БҰҰ Сирия халқының жаңа кезеңдегі дамуына қолдау көрсететінін мәлімдеді.
В Атырау +39