Атырау, 27 шілде 14:12
 дождьВ Атырау +36.2
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Changan мен Toyota Camry: автосалон менеджері клиенттердің көліктерін иемденген

76 рет қаралды

Елордада автосалон менеджері болып жұмыс істеген ер адам алаяқтық әрекеттері үшін сотталды. Ол қала тұрғындарына тиесілі екі автокөлікті – Changan CS55 Plus және Toyota Camry-ді заңсыз иемденген.

Жәбірленушілер көліктерін сату үшін автосалонға тапсырған. Кейін менеджер сатып алушы табылғанын айтып, ақшаның бірнеше күн ішінде аударылатынына сендіріп, көліктерді үшінші тұлғаның атына қайта рәсімдеуге көндірген. Автокөліктер сатылғаннан кейін түскен қаражатты ол өз қажетіне жұмсаған.

Бұл әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге жалпы 23 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді. Сотталушы кінәсін мойындап, өкініш білдірді.

Сот үкімімен ол 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы талаптары қанағаттандырылды.

Қала прокуратурасы меншікке қарсы қылмыстар үшін заңда мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салып, азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырды.

Бүгін, 13:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.