Атырау, 26 тамыз 22:28
 дождьВ Атырау +28.5
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

​Астанада полиция полковнигі заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікке ілінді

561 рет қаралды

Egov.press Telegram-арнасы Астана полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары ұсталған болуы мүмкін екенін хабарлады.

Арнаның мәліметінше, сөз полиция полковнигі Алия Мақаева туралы болып отыр.

Оны ҚР ІІМ-нің ҰҚК департаменті мен Ішкі қауіпсіздік департаменті «қызметтік қатарды тазалау» аясында ұстағаны айтылуда.

Egov.press дерегіне сәйкес, Мақаева ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабының 3-бөлігі және 394-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Бұл — ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу және заңсыз көші-қонды ұйымдастыру.

Telegram-арна сот оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдағанын да хабарлады.

27 шілде, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.