Атырау, 27 шілде 13:05
 дождьВ Атырау +36.2
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

​Жайықта қайықтардың соқтығысуы бойынша полиция кінәліні таппады

51 рет қаралды

Жайық өзенінде жақында болған апаттан кейін «АЖ» редакциясы осыдан үш жыл бұрын орын алған ұқсас төтенше оқиға бойынша тергеу қандай нәтиже бергенін анықтады.

Еске салсақ, 2023 жылдың шілдесінде Жайықта шағын көлемді катер мен серуендеу кемесі соқтығысқан болатын. Бiрiнде 10, екіншісінде 25 адам болған. Нәтижесінде тоғыз жолаушы, оның ішінде төрт бала әртүрлі жарақат алды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 344-бабының 1-бөлігі – «Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен транспортының жүріс немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бойынша жүргізілді. Дегенмен, белгілі болғандай, құқық қорғаушылар кінәлілерді таппаған.

Атырау облысының полиция департаменті «АЖ»-ға хабарлағандай, 2023 жылғы 8 желтоқсанда қылмыстық іс кеме жүргізушісінің әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қысқартылды (Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы). Істі қысқарту туралы қаулыны қала прокурорының орынбасары бекіткен.

Ал бес адам зардап шеккен жақындағы түнгі соқтығысуға келетін болсақ, 344-бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әлі де жалғасып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Лев ГУЗИКОВ

Бүгін, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.