Атырау, 26 тамыз 22:59
 дождьВ Атырау +28.5
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

228 рет қаралды

Павлодар облысында көмір кенішінде қаза тапқан жұмысшының өліміне қатысты тергеу жүргізілуде.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 24 шілдеде Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ аумағында болған. Бұл туралы Павлодар облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр жарақат алған. Алған жарақаттарының салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта еңбек инспекциясының мамандары жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

27 шілде, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.