Атырау, 19 сәуір 06:03
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«“Рахат Әлиев бiздi өз қолымен қинады”». «Өтемұратов банк секторындағы iрi ойыншыға айналмақ». «”Жиһадшы” қазақтың саны 250-ге жеттi». «Түркімендер ресми шараларды тойлаудан шаршады». «Казино орнын букмекер басты». «Бес күдіктің күбірі...».

2 468 просмотра

ZHASALASH.KZ   «“Рахат Әлиев бiздi өз қолымен қинады”» - 27 қазанда Мальтаның Malta Inde­pendent Online басылымы Рахат Әлиев туралы мақала жариялады.

«Өтемұратов банк секторындағы iрi ойыншыға айналмақ» - Елiмiздiң банк секторында көптен берi күткен өзгерiстер жылдың аяғына дейiн iске асатын тәрiздi. Бұған дейiн “Темiрбанк” пен “Альянс банк” бiрiгуi мүмкiн деген ақпарат гулесе, ендi Альянстi Болат Өтемұратов иелiк ететiн ForteBank-пен бiрiктiредi деген мәлiмет шықты.

«”Жиһадшы” қазақтың саны 250-ге жеттi» - Ел аман, жұрт тынышта қолына қару алып, Сирияға өтiп кеткен қазақтар саны әуелгi деректен ұлғайып жатыр. Алғаш YouTube-те жарияланып, кейiн барша баспасөздi шулатқан жиһадшылардың саны 150 емес 250 көрiнедi.

«Үдемелi емес, үрлемелi» - Президент Н.Назарбаев қолдаған, құрдымға кеткен жобаларды солай атаған жөн.

AZATTYQ.ORG  «Өзбекстанда әкесі мен қызының арасына жік түсті» - Өзбекстан президенті Ислам Каримов пен оның қызы Гүлнара Каримованың арасындағы кикілжің ушығып барады. Каримоваға қатысы бар деген Terra Group медиахолдингінің есеп-шоты уақытша жабылды.

«Түркімендер ресми шараларды тойлаудан шаршады» - Халқын үнемі бұқаралық мерекеге жұмылдырып келе жатқан мемлекеттер көп емес. Түркіменстанды солардың бірі, тіпті бірегейі деуге болады.

«Әблязовтың адвокатының қамау мерзімі ұзарды» - Мәскеудің Тверь аудандық соты қазақстандық бұрынғы банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтің адвокаты Елена Тищенконы қамауда ұстау мерзімін 2014 жылдың ақпан айына дейін ұзартты.

«Казино орнын букмекер басты» - Қазақстанда казиноларды жапқан кезде құмар ойындарға тосқауыл қойылады деген жоспар болған. Казинолар арнайы аймаққа көшірілген соң букмекер кеңселері көбейді. Ойынқұмар жұрттың қарасы азайған жоқ.

MASA.KZ. «Бес күдіктің күбірі...» - Орал қаласына Елбасы аяқ басқан сайын: «Елдің шын жағдайы енді айтылып, есі жыйылатын шығар» дейтін түбі де, түгі де жоқ бір бітпейтін есекдәме...

ULT.KZ.  «Реформадан көз ашпаған білім саласында тағы да өзгеріс» - Сейсенбідегі Үкімет отырысында жаңа Білім және ғылым министрі білім және ғылым саласында жүргізетін жаңаруларын жария етті.

«Болашақ соғыс ошақтарының сарбаздары біздің елде оқытылып жатуы мүмкін» -Қолдарына қару алып, Сирияға аттанған қазақстандықтар ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төнгенін білдіреді.

SERKE.ORG.  «Тарихшылар Қытайдан қазақ хандарының 5 хатын әкелді» - «Қытайдан әкелінген қазақ хандарының хаттарын зерттеу, аудару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың негізгі мазмұны мен тарихи мәні анықталуда», - деді министрліктен.

ABAI.KZ.  «”Біз ешкімді кемсітпейміз”. Қазақтан басқа...» Бізді түбінде «толеранттылық» құртады.

MAIDAN.KZ.  «Қайрат Нұртас: “Қазақ болғандықтан, қазақша сөйлеу міндетім”» - Әншімен болған интернет-конференция мәресіне жетті.

31 қазан 2013, 13:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.