Атырау, 26 тамыз 22:58
 дождьВ Атырау +28.5
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

Шымкенттегі жолайрық құрылысында 54 жастағы жұмысшы қаза тапты

712 рет қаралды

Шымкенттегі жолайрық құрылысы алаңында қайғылы оқиға болды: 54 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Halyqstan.

Ірі жолайрықтың құрылыс алаңында экскаватордың астына түсіп кеткен Әбдіхан Сүлеймен ауыр жарақат алып, жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Трагедия Байдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысында орын алған. Полиция департаменті еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адам өліміне әкелген факті бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. 

Қазір тергеу жүргізіліп, барлық мән-жай анықталуда.

Сонымен қатар еңбек инспекциясы да тексеріс бастаған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, осы учаскеде жұмыс атқарған субмердігер ұйым – «Т.I.S.-A-Group» ЖШС марқұмды ресми еңбек келісімшартынсыз жұмысқа тартқан.

24 шілде, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.