
Қазақстанда 2026 жылғы 25 тамыздан бастап атқарушылық іс жүргізу арқылы өндірілетін алимент тек арнайы банктік шотқа аударылады.
Әділет министрлігінің хабарлауынша, бұл заңдағы өзгеріс балалар мен еңбекке қабілетсіз жандардың қаражатын қорғау үшін енгізіліп отыр. Енді алимент алушы азаматтар арнайы шот ашып, оның реквизиттерін сот орындаушысына тапсыруы тиіс. Бұл шоттың басты ерекшелігі – оған ешқандай тыйым салынбайды, яғни алушының басқа қарыздары болса да, банктер бұл ақшаны ұстап қала алмайды.
Егер алушы шотты уақытылы ашпаса, өндірілген ақша уақытша аударылмай тұрады, бірақ борышкердің қарызы кешірілмейді, берешек болып жинала береді.
Сот орындаушылар арнайы шот ашу қажет болған жағдайда алимент алатын қазақстандықтарды алдын ала ескертеді.
В Атырау +37.1