
Астанада алғаш рет электрлі тік ұшып-қонатын әуе кемесі (eVTOL) негізіндегі аэротакси сынақтан өтті.
Сынақ 24 шілдеде Астанада «Қазанат» ипподромы аумағында өтті.
Бұл шара Қазақстанда қалалық әуе мобильділігін (Urban Air Mobility, UAM) дамытудың жаңа кезеңі болды.
Сынақты қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) компаниясы қытайлық AutoFlight өндірушісімен бірлесіп ұйымдастырды.
Сынаққа 1 ұшқыш пен 5 жолаушыға арналған AutoFlight Prosperity аппараты пайдаланылды. Қауіпсіздік талаптарына сай сынақ кезінде аэротаксидің көрнекі ұшуы жолаушыларсыз жүзеге асырылды.
ҚР Көлік министрлігі бұл технологияны енгізу үшін eVTOL кемелерін, вертипорттарды және ұшқышсыз әуе қозғалысын реттейтін тиісті заңнамалық өзгерістерді қабылдады.
Бұл аэротакси 2026 жылғы 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтетін «Future Games 2026» халықаралық фиджитал турнирінде көрмеге қойылады.
В Атырау +37.1