
Қазақстан Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың қазақстандық өнімдердің бір бөлігіне қосымша баж салығын енгізу туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.
СІМ мәліметінше, 2026 жылғы 23 шілдеде АҚШ 1974 жылғы Сауда туралы заңының 301-бөлімі шеңберіндегі тергеу қорытындысы бойынша түпкілікті шешім қабылдады.
24 шілдеден бастап Қазақстаннан келетін кейбір тауарларға 12,5% мөлшерінде қосымша баж салығы енгізіледі.
Америкалық құжатта Қазақстан жекелеген алып тастауларға ілігетін өнімдерді қоспағанда, тауарларына 12,5% баж енгізілетін елдердің қатарында көрсетілген.
СИМ атап өткендей, жаңа баж АҚШ Сауда өкілдігі бекіткен алып тастаулар тізбесіне енгізілген тауарларға қолданылмайды.
Бұл ретте бұған дейін қолданыста болған 10% мөлшеріндегі уақытша импорттық үстемеақы 150 күндік мерзімі аяқталғаннан кейін өз қолданысын тоқтатты. Сондықтан бұрынғы үстемеақы жаңа бажбен қосылмайды.
Сауда және интеграция министрлігінің есебі бойынша, Қазақстанның АҚШ-қа экспортының шамамен 95%-ы бұрынғыдай қосымша баждың ықпалынан тыс қалады.
Ведомство қазақстандық экспорттаушылардың мүддесін қорғау және өзара қолайлы шешім іздеу үшін америкалық тараппен өзара іс-қимылды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
В Атырау +37.1