Атырау, 24 шілде 16:43
 дождьВ Атырау +37.1
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92

​Атырауда қараусыз жүрген малдың иесіне айыппұл салынып жатыр

70 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысында жыл басынан бері үй жануарларының кесірінен 91 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 8 адам түрлі дене жарақатын алды. 

Жолдағы қауіпті жағдайлардың алдын алу мақсатында өңірдің полиция қызметкерлері малына жауапсыз қараған адамдарды жауапкершілікке тарту жұмыстарын күшейтті. Малды қараусыз жібергені үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 1-бөлігіне сәйкес мал иелеріне қатысты 406 әкімшілік хаттама толтырылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталған құқық бұзушылық үшін азаматтарға 3 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. 

Полиция департаментінің мамандары атап өткендей, айыппұл салудан бөлек малдың автомобиль жолдарына шығып кетуінің алдын алу мақсатында шаруа қожалықтарының иелерімен және мал бағушылармен тұрақты түрде түсіндіру кездесулері өткізіліп жатыр. Сонымен қатар малды арнайы өрісте бағып, олардың мойнына жарыққа шағылысатын белгі байлап қойған жөн дейді олар. 

Бүгін, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.