Атырау, 24 шілде 16:23
 дождьВ Атырау +37.1
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92

Атырау облысында бүкіл ауыл жоғалған екі баланы іздеуге шыққан

119 рет қаралды
Chat GPT жасаған сурет
Chat GPT жасаған сурет

Оқиға жергілікті пабликтердің біріне жарияланғаннан кейін үлкен резонанс тудырды.

Онда туыстары 3 пен 4 жастағы балаларды іздеп табуға көмек сұраған. Олардың айтуынша, іздеуге үш мыңдай адам - Исатай ауданының Тұщықұдық ауылындағы ересек тұрғындардың барлығы дерлік шыққан. 

Оқиға 17 шілде күні кешке болған. Балалар жоғалған сәтте анасы жұмыста, ал әкесі іссапарда жүрген. Жоғалғаны туралы хабардан кейін іздеуге полиция қызметкерлері, құтқарушылар және ауыл тұрғындары қосылды. Шамамен үш сағаттан соң бүлдіршіндер аман-есен табылды.

Туыстарының айтуынша, кейін балаларды 25 жастағы жергілікті тұрғынның балмұздақ алып беремін деп алып кеткені белгілі болды. 

Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұған дейін де ол осындай әрекеттер жасаған. Әлеуметтік желілерде оның психикалық ауруға шалдыққаны туралы ақпарат тарағанымен, бұл дерек ресми түрде әзірге расталған жоқ.

Атырау облысы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндіруден бас тартты, ақпарат прокуратурамен келісілгеннен кейін ғана берілетінін мәлімдеді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бүгін, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.