Атырау, 6 қазан 21:19
 дождьВ Атырау +14.4
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

АМӨЗ жөндеу жұмыстарынан кейін мұнай өңдеуді қайта бастады

Сурет
814 рет қаралды

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы алдын алу жұмыстары толық аяқталды. 

Кәсіпорын технологиялық режимге шығып, қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу Энергетика министрлігі бекіткен кестеден 1,5 күн бұрын басталды.

Қазіргі уақытта зауыт тәулігіне 16,2 мың тонна мұнай өңдеуде. Қайта іске қосылғаннан бері 157 мың тонна шикізат өңделіп, тұтынушыларға:

  • 35,3 мың тонна автобензин,

  • 48,7 мың тонна дизель отыны,

  • 5,7 мың тонна сұйытылған газ жөнелтілді.

Жоспарлы жөндеу барысында:

  • 20 реактор, 213 сыйымдылық, 32 колонна және 231 жылу алмастырғыш жабдық техникалық куәландырудан өтті;

  • 335 тоннадан астам катализатор ауыстырылды;

  • құбыр желілерінің кейбір учаскелері жаңартылды;

  • ЭЛТҚ АВТ-3 қондырғысы жаңғыртылды.

Ауқымды жұмыстарға шамамен 1 700 маман мен 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

24 шілде, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.