
Қостанай облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішін қараған облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертті.
Мемлекеттік қажеттілікке байланысты жерді иеліктен шығару туралы хабарлама алғаннан кейін меншік иесі нысанды қайта құрып, аумағын үлкейткен. Бұл сатып алу бағасының негізсіз өсуіне әкелді.
Сот мұндай әрекеттерді өтемақыны жасанды түрде арттыру деп танып, төлем мөлшерін 273,9 млн теңгеден 155 млн теңгеге дейін қысқартты.
Бұл тәжірибе бюджет қаражатын орынсыз жұмсауды болдырмауға және адал емес әрекеттерден пайда табуды тоқтатуға мүмкіндік береді.
В Атырау +35.7