
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сәйкес, 15 мамырда індет жарияланғаннан бері 2 536 жағдай расталып, 1 033 адам қайтыс болған, деп хабарлайды АА.
Қазіргі уақытта 738 адам оқшауланған немесе ауруханаларда ем қабылдап жатыр.
Эбола вирусының сирек кездесетін Bundibugyo нұсқасы анықталған, оған қарсы ресми бекітілген вакцина да, емдеу әдісі де жоқ. Өлім-жітім деңгейі 40,7 пайызға жеткен.
Індет алғаш рет Итури провинциясында тіркелген. 17 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) бұл жағдайды халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау төтенше жағдайы деп жариялады.
Эбола алғаш рет 1976 жылы Судан мен Конгода анықталған. Ауру өз атауын Конго аумағындағы Эбола өзенінен алған.
2013 жылы вирус Батыс Африкаға таралып, 2014–2017 жылдары Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде 30 мыңға жуық адамды жұқтырып, олардың 11 мыңнан астамы көз жұмған.
В Атырау +35.7