Атырау, 24 шілде 13:41
 дождьВ Атырау +35.7
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92

​АҚШ Қазақстан тауарларына жаңа баж салығын енгізеді

67 рет қаралды
Сурет:  pixabay.com
Сурет: pixabay.com

24 шілдеден бастап АҚШ Қазақстаннан импортталатын тауарлардың бір бөлігіне 12,5% мөлшерінде қосымша баж салығын енгізеді. Бұл шешім АҚШ-тың 1974 жылғы Сауда туралы заңының 301-бабы аясында жүргізілген тергеу қорытындысы бойынша қабылданды, деп жазады Nege.kz. 

Америкалық тарап 60 экономиканы тексеріп, Қазақстанның үшінші елдерден мәжбүрлі еңбекпен өндірілген өнімдерді импорттауға қойған шектеулері мен ережелері жеткілікті түрде тиімді емес деген қорытындыға келген.

Шешім Қазақстанда жасалған өнімге емес, еліміздің басқа мемлекеттерден мәжбүрлі еңбекпен өндірілген тауарларды әкелуге қарсы қолданатын бақылау ережелеріне байланысты.

 Жаңа баж салығы Қазақстан экспортының бәріне бірдей қолданылмайды. Мұнай, бірқатар мұнай өнімдері, сондай-ақ уран кендері мен концентраттары бұл шектеуден босатылған.

Бүгін, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.