Атырау, 24 шілде 11:19
 дождьВ Атырау +28.6
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92

​Атырау облысында ГӨЗ құрылысы жобасының директоры тағайындалды

92 рет қаралды

«QazaqGaz Processing» ЖШС басшылығында жаңа кадрлық тағайындау болды. Атырау облысындағы қуаты 2,5 миллиард текше метрлік газ өңдеу зауытының (ГӨЗ) құрылысы бойынша ауқымды жобаның директоры болып Талғат Аманбаев тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Жаңа басшы қатардағы маманнан бастап топ-менеджерге дейінгі жолдан өтіп, халықаралық және отандық мұнай-газ саласында тәжірибесі мол.

Талғат Аманбаев 1997 жылы ҚазҰТУ-ды бітірген. Еңбек жолын Маңғыстау облысындағы Қарақұдық кен орнында геолог болып бастап, кейін Nelson Resources өндірісінде аға және жетекші инженер болып жұмыс істеді.

2006 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Солтүстік Каспий жобасы департаментінің бас менеджері болып келді. 2010 жылы «PSA» ЖШС Жобаларды басқару департаментін басқарды.

2017 жылдан бастап NCOC компаниясында Brownfield жобаларының бас менеджері лауазымын атқарды. 2023 жылдан бастап «Қаламқас-Хазар Оперейтинг» ЖШС-де Жағалаудағы технологиялық кешен департаментін басқарды.

2025 жылдың наурыз айынан бастап катарлық UCC Holding компаниясында концессия жобасының директоры позициясында жұмыс істеді.

«QazaqGaz Processing» ЖШС — Қазақстанда жаңа газ өңдеу зауыттары құрылысының бірыңғай операторы болып табылатын «QazaqGaz» ҰК» АҚ ұлттық компаниясының еншілес құрылымы.

Бүгін, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.