
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов ақсақалдармен, ардагерлермен және зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Кездесуді ашқан өңір басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп қабылдайтынын атап өтті. Ол ата-бабадан келе жатқан дәстүрді жалғастырып, үлкендердің батасын алып, ақыл-кеңесін тыңдаудың маңызын айтты.
Жиын барысында қатысушылар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, жастар тәрбиесі, рухани құндылықтарды сақтау, қоғамдық келісімді нығайту және билік пен халық арасындағы өзара іс-қимылға қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Әкім ардагерлердің көп жылғы еңбегіне және облыстың дамуына қосқан үлесіне алғыс білдірді. Кездесуді қорытындылай келе, айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер бақылауға алынатынын, алдағы шешімдерде аға буынның пікірі мен тәжірибесі ескерілетінін айтты.
— Бүгінгі ұсыныстардың бәрі маңызды. Олар облыстың тұрақты дамуына және халықтың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді. Кездесуге келгендерге ризашылығымды білдіремін, — деп түйіндеді Болат Ақшолақов.
В Атырау +35 








