
2026 жылғы Safest Countries for Investors рейтингінде ел 150 мемлекеттің ішінде 53-орынға көтерілді.
POVestka Telegram-каналы хабарлағандай, бБұл өткен жылдың қазанымен салыстырғанда бірден 17 позицияға жоғарылаған көрсеткіш. Ол кезде Қазақстан 70-орында болған.
Бұл аймақтағы ең үздік нәтиже: Өзбекстан – 81-орын, Қырғызстан – 96-орын, Тәжікстан – 97-орын. Ресей 71-орында қалып, Қазақстаннан 18 орын төмен тұр.
Рейтинг инвестиция көлемін емес, ұзақ мерзімді перспективадағы қауіпсіздік пен сенімділікті бағалайды. Бағалау кезінде макроэкономикалық тұрақтылық, мемлекеттік басқару сапасы, саяси және валюталық тәуекелдер, реттеу тиімділігі және экономиканың сыртқы дағдарыстарға төтеп беру қабілеті ескеріледі.
Қазақстанның көрсеткішінің өсуі ел экономикасының тұрақтылығының артуымен, мемлекеттік саясаттың болжамдылығымен және бизнес жүргізу жағдайының жақсаруыымен байланысты.
Сарапшылардың пікірінше, мемлекеттік институттарды жетілдіру, инвесторларды қорғау және бизнес ортасының ашықтығын арттыру Қазақстанға әлемдік рейтингтерде позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
В Атырау +36.4