Атырау, 23 шілде 19:34
 дождьВ Атырау +36.4
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Құлсары тұрғыны қоқыс тастағаны үшін 29 тәулікке қамауға алынды

120 рет қаралды

Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғыны ұсақ бұзақылық пен балағат сөздер айтқаны үшін бір айға жуық уақытқа әкімшілік қамауға алынды.

Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам Құлсары көшелерінің бірінде тамақ қалдықтарын жолдың жүру бөлігіне лақтырып, кейін өтіп бара жатқан әйелге тиісіп, бейпіл сөздер айтқан.

Сотта анықталғандай, бұл бұзақының мұндай алғашқы әрекеті емес — соңғы бір жыл ішінде ол ұқсас заңбұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған болатын.

«Құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен, хаттамамен, полиция қызметкерлерінің рапорттарымен және жәбірленушінің арызымен толық дәлелденді. Заңбұзушылықтың қайталануын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот Ж. есімді азаматты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп тапты», — деп мәлімдеді Жылыой аудандық соты.

Нәтижесінде сот тәртіп бұзған азаматқа 29 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.

Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бүгін, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.