
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында кеме жасау верфін салу бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жоба осы аймаққа жұмыс сапарымен келген Премьер-министр Олжас Бектеновке таныстырылды.
Жобаның инвестиция көлемі кемінде 125 млрд теңгені құрайды.
YDA Group директорлар кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан кәсіпорында азаматтық және арнайы кемелерді жобалау мен жасаудан бастап, оларға техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеуге дейінгі өндірістің толық циклі жолға қойылатынын айтты.
Сонымен қатар экипажсыз суүсті аппараттарын шығару көзделген.
Кеме жасау орталығының өндірістік қуаты жылына 8 жаңа кеме жасауға және 24 кемеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін 1,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.
Жоба аясында технологиялар трансфері, халықаралық стандарттар енгізу және қазақстандық мамандар даярлауға арналған оқу орталығы ашылатыны атап өтілді. Өндірістік кооперацияға отандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарын тарту жоспарланып отыр.
В Атырау +36.4