Атырау, 23 шілде 15:12
 дождьВ Атырау +36.4
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Доссор – Құлсары трассасында жөндеу басталды: жүргізушілерге шектеулер туралы ескерту жасалды

109 рет қаралды

Атырау облысында республикалық маңызы бар KAZ11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау порты» автожолының 3–69 шақырым аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл кешенді күтіп-ұстау аясында жол жамылғысындағы шұңқырларды жоюға бағытталған шара.

Жөндеу жұмыстары жол сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және асфальттың пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. 

Жүргізушілерге уақытша қойылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтап, жылдамдықты алдын ала төмендетіп, жөндеу жүріп жатқан учаскелерде барынша мұқият болу ескертілді.

Бүгін, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.