
Украина Қара теңіздегі жағдайға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады, деп хабарлайды АА.
Сыртқы істер министрі Андрей Сибига 27 шілдеде өтетін отырысқа ресми өтініш жолданғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей соңғы күндері кемінде үш азаматтық жүк кемесіне шабуыл жасап, экипаж мүшелері қаза тапқан немесе жараланған.
Сибига бұл әрекеттерді «экономикалық және гуманитарлық террор» деп атап, Ресейдің жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін кепілге алғанын айтты. Қазір Украина арқылы өтетін теңіз дәлізі толық тоқтап тұр, бұл астық жинау маусымының қызған шағында орын алды.
Министрдің пікірінше, егер мұндай жағдай жалғаса берсе, Африка, Азия, Таяу Шығыс және Латын Америкасындағы миллиондаған отбасы азық-түлік бағасының өсуіне және аштыққа тап болуы мүмкін.
В Атырау +33.4