
Қызылордадағы «Қайсар Арена» стадионына ресми түрде УЕФА-ның ең жоғары — төртінші санаты берілді, деп хабарлайды kff.kz.
Бұл шешім осы жылдың сәуір айында УЕФА инспекторы Скотт Струзерс өткізген тексеріс пен сараптама қорытындысы бойынша қабылданды.
Енді аталған аренада жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулерді өткізуге толық мүмкіндік бар. Атап айтқанда:
Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі және Ұлттар лигасындағы матчтарын;
Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы мен Конференция лигасының іріктеу әрі негізгі кезеңдерін қабылдай алады.
Бұл мәртебені иелену аймақтың спорттық инфрақұрылымын дамытуға және еліміздегі халықаралық футбол ойындарының географиясын кеңейтуге жасалған маңызды қадам болды.
В Атырау +24.7