Атырау, 23 шілде 11:50
 дождьВ Атырау +24.7
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96

Алматыда тоқал алуды насихаттаған блогерге айыппұл салынды

104 рет қаралды
Сурет: instagram/bakytzhanuly.bauyrzhan
Сурет: instagram/bakytzhanuly.bauyrzhan

Алматы тұрғыны Бауыржан Бақытжанұлы әлеуметтік желіде көп әйел алуды насихаттап, оны қалыпты өмір салты ретінде көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Tengrinews.kz.

Блогер өз видеоларында бір мезгілде бірнеше әйелмен тұрудың артықшылықтарын айтып, өзгелердің пікірін елемейтінін мәлімдеген. Алайда оның бұл контентіне құқық қорғау органдары назар аударғаннан кейін жағдай өзгерді. Полиция өкілдері мұндай материалдардың Қазақстан заңнамасына қайшы келетінін және дәстүрлі отбасы институтын әлсірететінін атап өтті.

Тәртіп сақшылары блогерді анықтап, профилактикалық әңгімелесуге шақыртты. Тексеру қорытындысы бойынша оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Полициямен кездесуден кейін автор өз парақшасындағы даулы видеолардың барлығын өзі өшіріп тастады.

Бүгін, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.