Атырау, 22 шілде 18:32
 дождьВ Атырау +34.5
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96

Бишімбаевтың ​қылмысын жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады

115 рет қаралды
Сурет: Жоғарғы сот
Сурет: Жоғарғы сот

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов рақымшылық (амнистия) актісі арқылы бостандыққа шығады. Бұл ақпаратты оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев растады.

«Бүгін түске дейін өткен сот отырысында Бақытжан Байжановқа қатысты рақымшылық жасау актісі қолданылып, оны дереу босату туралы қаулы шықты. Сот қаулысы жазаны өтеу мекемесіне түскен бойда ол бостандыққа шығуы тиіс», — деді қорғаушы.

Адвокаттың айтуынша, Байжановтың жаза мерзімінің аяқталуына үш айдан сәл астам уақыт қалған еді. Өткен жылы Степногорск қалалық соты Байжановтың амнистияға байланысты жазасын қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырған болатын.

Еске салсақ, Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты «Қылмысты жасыру» (ҚК 432-бабы) бабы бойынша айыпталып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған болатын.

Бүгін, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.