Атырау, 22 шілде 16:19
 дождьВ Атырау +34.1
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96

​«АрселорМиттал Теміртаудың» бұрынғы иесінің отбасы «Ливерпульден» үлес сатып алуы мүмкін

95 рет қаралды
Лакшми Миттал
Лакшми Миттал

«Ливерпуль» футбол клубының иелері клубтың миноритарлық үлесін сату жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. 

Financial Times дерегінше, әлеуетті сатып алушылар қатарында Амит Бхатия басқаратын инвесторлар консорциумы бар. Оны үнді миллиардері, болат өндіру саласының магнаты Лакшми Митталдың отбасы қолдап отыр.

Қазір клубтың негізгі иесі — америкалық Fenway Sports Group (FSG). Компания өкілдері Бхатия консорциумы клубқа стратегиялық миноритарлық инвестиция салуға қызығушылық білдіргенін растады.

Басылымның мәліметінше, мәміле жүзеге асса, «Ливерпульдің» нарықтық бағасы 6 млрд доллардан асуы мүмкін — бұл футбол тарихындағы ең ірі бағалаулардың бірі болмақ.

Амит Бхатия — Лакшми Митталдың күйеу баласы. Бұған дейін ол ағылшынның Queens Park Rangers клубымен байланысты болған, алайда «Ливерпульмен» келісімге кедергі келтірмеу үшін үлесін сатқан.

Миттал отбасы Қазақстанмен де тығыз байланыста. 1995 жылдан бастап олардың құрылымдары Қарағанды металлургиялық комбинаты мен басқа да өндірістік активтерге иелік еткен. Кейін бұл кәсіпорындар «АрселорМиттал Теміртау» брендімен жұмыс істеді. 2023 жылы Костенко шахтасындағы апаттан кейін активтер мемлекет меншігіне өтіп, кәсіпорын «Qarmet» деп қайта аталды.

Бүгін, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.