
Хромтауда ер адамды өлтіріп, денесін бөлшектеу ісі бойынша сот үкімі шықты.
Оқиға 2024 жылдың қазанында басталған. Жергілікті тұрғын полицияға күйеуінің жоғалғаны туралы арыз берген. Тергеу барысында күдіктілер анықталып, олардың пәтеріндегі тоңазытқыштан іздеуде болған адамның басы табылды.
Кейін күдіктілер қылмысты мойындады. Ішімдік ішу кезінде туған жанжал адам өлтіруге ұласқан. Ізді жасыру үшін олар мәйітті бөлшектеп, бір бөлігін қала сыртында жасырған.
Сот шешімі бойынша басты айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның сыбайласы аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға сотталды.
В Атырау +31