Атырау, 26 тамыз 23:49
 дождьВ Атырау +28.5
$ 458.48
€ 534.68
₽ 5.43

8,8 келі каннабиспен ұсталған бойжеткенге үкім шықты

436 рет қаралды

Алматыда 22 жастағы Қазақстан азаматшасы Таиландтан есірткі тасымалдамақ болғаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қалалық мамандандырылған ауданаралық сот оны аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы мен заңсыз айналымы бойынша кінәлі деп тапты.

Тергеу барысында бойжеткеннің ақшалай сыйақы үшін жалпы салмағы 8,8 келі каннабис сығындысы салынған екі чемоданды елге жеткізуге келіскені анықталды. Ол Алматы әуежайына келген сәтте ұсталды.

Прокуратура әлеуметтік желілерде таралатын «оңай табыс» пен тегін саяхат ұсыныстары көбіне халықаралық есірткі желілерінің бір бөлігі екенін ескертеді. Мұндай әрекеттерге қатысу қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Үкім заңды күшіне енді.

22 шілде, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.